Қарағанды тұрғыны алаяққа алданып, 2 миллион теңгесінен айырылды.
Күдікті әлеуметтік желі арқылы танысып, адамдардан қомақты ақша алып отырған, деп Turkistan Today хабарлайды Inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"22 жастағы Абай ауданының тұрғыны мамыр мен шілде айлары аралығында әлеуметтік желі арқылы бір қызбен хат алмасып отырған. Желідегі екеуара әңгіме жарасқаны соншалық, жәбірленуші азамат сөйлесіп жүрген қызына 2 миллион теңге ақшаны қалай аударып қойғанын білмей қалған", дейді мамандар.
Қыз байланысқа шықпай қойғанда ғана жәбірленуші алданғанын түсінген. 15 шілдеде Абай аудандық полиция басқармасына алаяқтық бойынша арыз түскеннен кейін, тәртіп сақшылары жедел күдіктіні анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.
"Жәбірленуші күдіктімен беттесу кезінде қатты таңғалды. Өйткені сөйлесіп жүрген қызы еңгезердей еркек болып шықты. Тұрғындарды алдағаны үшін күдікті заң аясында тиісті жазасын алады", дейді полиция.
Қазіргі күні күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу жүріп жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.