Қазақ қызы қара жамылмаған: белгілі журналист аямай жазды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 26 қыркүйек, 2023

«Қазақ қызы қара жамылмаған» деп миллион мақала жазсаң да одан бір тиын пайда жоқ – деп Turkistan Today жазды белгілі медиа-менеджер Серғали Балажанның фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

«Біріншіден, салафиттер мақала оқымайды. Екіншіден, салафиттерге сенің ақын-жазушың, профессорың, имам-молдаң авторитет емес, олар ұстаздың айтқанымен жүреді» - деп жазды С.Балажан.

Одан бөлек, Серғали Балажан «бір тиын пайда болу үшін заңмен тыйым салу керек. Шетелден (араб елдерінен) келіп жатқан қаржылық қолдауды тоқтатып, біздегі «ұстаздарды» тыю қажет. Заң-тыйыммен тоқтатпасаң бұларға қарсы біздің қоғамда иммунитет жоқ, иммунитетті 30 жыл бойы өлтірді» - дейді ол өзінің жеке парақшасында.

«Идеологтарымыз салафизммен күресудің басқа жолын қарастырмаса, сайттарда бірсарынды мақала жазу көмектеспейді, соны айтқым келген» - деген оның жазбасы желіде қызу талқылануда.

«Дұрыс айттың негізі өзің айтпақшы оқымайды да олар», «Булар соны тусинбейди гой» - деген комментер жазылған пікір елуден астам лайк жинап үлгерген.

Фото: e-history.kz

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.