Елордада өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумы жоғары білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға арналды. Халықаралық жиынға 400-ден астам өкіл қатысып, оның ұйымдастырылуына Alageum Electric компаниялар тобы қолдау көрсетті.
18 қарашада Астанада Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумы ашылды. Халықаралық алаң қазақстандық және шетелдік университеттерді, ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік органдар мен өндірістік серіктестерді біріктірді.
Форум барысында білім беру жүйесін жаңғырту, ғылыми зерттеулерді дамыту және университеттердің халықаралық байланыстарын кеңейту мәселелері қаралды. Әсіресе білім мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде қолдануға және еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауға назар аударылды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда шетелдік университеттердің 33 филиалы жұмыс істейтінін, ал еліміздегі жоғары оқу орындарында 41 мыңға жуық шетелдік студент білім алатынын атап өтті.
Сондай-ақ қатысушылар жасанды интеллект, цифрлық білім беру, академиялық ұтқырлық және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бағыттарын талқылады. «AI-Sana» бағдарламасы аясында 706 мың сертификат берілген. Ал ғылыми зерттеулер нәтижесінде 241 әзірлеме нарыққа шығарылып, 29 жоба бойынша өнім экспортталып жатыр.
Форумның маңызды бөлігінің бірі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі болды.
Іс-шара «Ғылым және білім эндаумент-қоры» корпоративтік нысаналы капитал қорының және Alageum Electric компаниялар тобының қолдауымен өтті. Бұл бастама отандық бизнес өкілдерінің білім мен ғылымды дамытуға қосатын үлесін және стратегиялық серіктестіктің маңызын айқындайды.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.