Реклама
Серіктестер

Түркістанда білім беру жүйесіне инновациялық жобаларды енгізу мәселелері талқыланды

Түркістан Бүгін, 21:56

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев білім беру саласын дамытуға бағытталған жаңа бастамалар авторларымен кездесті.

Кездесуге баспагер Гаухар Саймасаева, TopIQ IT компаниясының басшысы әрі жоба жетекшісі Анель Баталова және суретші-монументалист, Әбілхан Қастеевтің немересі Дәурен Қастеев қатысты.

Жиында білім беру сапасын арттыруға арналған инновациялық шешімдер таныстырылып, оларды өңір мектептерінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Атап айтқанда, қатысушыларға «TopIQ: Smart Class 2.0» жобасының мүмкіндіктері ұсынылды. Жоба оқушылардың білім деңгейін көтеруге, мұғалімдердің жұмысын оңтайландыруға, оқу үдерісін әр оқушының қажеттілігіне бейімдеуге және жасанды интеллект технологияларын пайдалануға бағытталған.

Кездесу соңында тараптар білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға және жаңа жобаларды жүзеге асыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.