4 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар Қоры» КеАҚ қоры президенті бастаған Қазақстандық делегация Моңғолияның елордасы Ұланбатырдың Налайх ауданының әкімі Ч.Раднаабазар және мәслихат депутаттарымен кездесті, деп Turkistan Today хабарлайды «Отандастар қорының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, бұл ауданда 6 мыңға жуық қандасымыз тұрады.
Кездесуге «Отандастар Қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев бастаған делегация мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапак, Нұргул Тау, Жарқынбек Амантай, дипломатия ардагері Сайлау Батыршаұлы, жазушы Кәдірбек Құныпия, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, жазушы Ауыт Мұқибек, Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры Абдулвахап Қара, Налайх ауданында қызмет ететін «Ер бірлігі» үкіметтік емес ұйым басшылары мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Отандастар Қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы Моңғолиядағы және Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз Моңғолия мемлекетінің қамқорлығын ерекше ықылас-ризашылықпен еске алатынын және бұл шын жүректен шыққан сөз деп атап өтті. Сөзін жалғастыра келе, Қоғам басшысы Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайы аясында жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Бұл құрылтайдың негізгі мақсаттарының бірі Моңғолиядағы қандастарымыздың одан әрі екі дос ел арасында алтын көпір болып қала беруін жалғастыру.
Өз кезегінде ҚР Мәжілісі депутаттары Үнзила Шапақ, Нұргүл Тау және Жарқынбек Амантай Моңғолия елінің тумалары ретінде Моңғолияға келгендеріне қуанышты екенін және парламентаралық байланыстарға өз үлестерін қосуға дайын екендеріне сенім білдірді.
Дипломатия ардагері Сайлау Батыршаұлы 1992 жж. тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қарым-қатынастар туралы сыр шертті.
Айта кетсек, кіші құрылтай аясында, Моңғолияның Ұлан-Батыр, Хобда, Баян-Өлгей аймақтарында Моңғолия ресми тұлғаларымен кездесулер, екі елдің ғалымдарымен дөңгелек үстел, кітап тұсаукесерлері, ескерткіш пен көше ашу, кіші құрылтай отырысы, бизнес форум және Қарағанды Тәттімбет атындағы консерватория оркестірінің концерті жоспарланып отыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.