Қазақстанның экономикасы мұнайға тәуелді екені белгілі. Бірақ сол қара алтынның қоры түбегейлі өзімізге тиесілі емес. «Сұрауы бар» ютуб-арнасына берген сұхбатында экономист Талғат Демесінов оның сырын ашып айтты. Пайымдауынша бізде мұнай өңдейтін ірі үш зауыт Павлодар, Атырау, Шымкентте бар. Оның құрылтайшылары мен акционерлерінің көбі шетелдік және отандық олигархтар. Сарапшы оның себебін тәуелсіздік алған жылдары шетелдік компаниялармен жасалған тиімсіз келісім шарттардан дейді. Алайда ол – мемлекеттік құпия деп есептеліп, көпке жария етілмейді, деп хабарлайды Turkistan Today.
«90-жылдары шетелден инвесторлар шақырғанда еріксіз тиімсіз келісімдерге қол қойдық. Менде кейбір мәліметтер бар. Сол құпияларға сәйкес мұнайымызды өндіріп, шетке сатқаннан түскен табыстың үлесі – 20 пайыз. Өзімізге 20 пайызы ғана қалады. Келісімдер 20/80 деген шартпен жасалған. 20 шақты жыл бұрын мемлекеттік құпия туралы заң қабылданған. Сол себепті мұнай-газ, түсті металлдар, тау кен өндірісі, хром мен алтын өндірісіндегі келісімшарттардың бәрін сол мемлекеттік құпияға кіргізіп тастаған»
Экономистің айтуынша араб елдері немесе өзге де мұнайлы елдерде мұндай келісімдер инвесторлармен 40/60, 50/50 деген шартпен жасалған.
«Табиғи байлық халыққа тиесілі десек, онда мұнай өндірісі мен сатылымы жөніндегі келісімшарттар да ашық жария етілуі тиіс. Сондай-ақ, бұл келісімдерді қайта қарап, шарттарын өзгерту керек»,- дейді сарапшы.
Сұхбаттың толық нұсқасы сілтемеде https://www.youtube.com/watch?v=wC2fM84a5D0
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.