Кентау қаласын газбен қамту үлесі биыл 93 пайызға жетті

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 5 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелер ретімен шешімін тауып жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы ретте Кентау қаласында жыл соңына дейін тұрғындарды газбен қамту үлесін 93%-ға жеткізу жоспарланған. Бүгінгі таңға дейін 18 000 абоненттің 14 981-і, яғни 83%-ы табиғи газ жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, қазіргі таңда Хантағы ауылына және №5 Жылу энергия орталығына дейін табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес 12,3 шақырымды құрайтын магистральды газ құбырын тарту қарастырылған. Бұдан бөлек, 3 шақырымдық монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, Байылдыр ауылы бойынша ішкі орам газ жүйелері жүргізіліп, 1,1 шақырымды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш нысандар 2025 жылға өтпелі. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.