Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен. Ерлан Саиров халықтың жағдайы мүшкіл екенін айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 6 қыркүйек, 2023

Отандық ауыл шаруашылық саласы  өте күрделі жағдайда тұр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәселе көтеріп, ауылшаруашылық министрі Айдарбек Сапаровқа депутаттық сауал жолдады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, Gosagro субсидиялау жүйесі қалыпты режимде жұмыс істемейді. Фермерлер 2020 жылдан бері барлық субсидия түрін уақытында ала алмаған. Бұл оларды жылдық 20 пайызбен қымбат несие алуға мәжбүр етіп, қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр.

Тек Ақмола облысы бойынша 23 мың өтінімнің 13 мыңы ғана қаралған, ал Жетісу облысы бойынша 1600 диқан пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ала алмай отыр. Осы жылы аграрийлерді қолдауға субсидия өткен жылмен салыстырғанда (426,1 млрд теңге) 5,4%-ға аз бөлінді. Тыңайтқыштарға субсидиялау 23%-ға, пестицидтерге 27%-ға, мал шаруашылығына 21%-ға, бағаны тұрақтандыруға субсидиялау 20%-ға қысқарды, - деп түсіндірді Ерлан Саиров.

Ауылшаруашылығын субсидиялауға биыл бөлінген қаржы, өткен жылғы қарызды өтеу үшін жұмсалған. Ал биылғы тапсырыс бойынша 124,5 млрд теңге тапшылық пайда болған. Үкімет Қосымша қаржы бөлу жөніндегі шешімді әлі қабылдаған жоқ.

Мұндай жағдайларда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін емес. Бүгінде Ресей Федерациясы сүт өңдеушілерді тоннасына 25 доллар көмек жасайды, ал Қазақстанда тоннасына 5-доллардан аспайды.  Келесі жылдан бастап Ресей сүт өнімдерін экспорттаушылар үшін көлік шығындарын 100% субсидиялайды, - дейді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, бізде субсидиялар шектеулі, екінші дәрежедегі банкілер кредиттеу мөлшерлемесі өте жоғары, нәтижесінде қазақстандық өндіріс қысқарып, тоқтатылуда.

Агропродукт (Алматы) және Маслодел (СҚО) екі сүт өңдеу ірі кәсіпорны жабылды.  12 құс фабрикасының жұмысы тоқтатылып, Ресей, Беларуссия, Өзбекстаннан құс өнімі импорты артып, Қытайдан сапасы күмәнді өнімдер көптеп әкелінуде.

Ақпан-шілде айларында  ресей және беларусь шұжық өнімдерінің бағасы Қазақстан нарығында екі есеге төмендеп кетті. Қазақстандық ет кәсіпорындары қоймаларға жұмыс істеуде. Күнбағыс тұқымына экспорттық кеден салығын енгізу нарықтық бағаның 30%-ға төмендеуіне әкелді.  Қабылданған шаралар Қазақстанның емес, шет ел өндірушілерінің «пайдасына» жұмыс істеп кетті,  май өңдеу зауыттары күнбағыс ше елден тасуда, - деді Ерлан Саиров.

Ол мал шаруашылығында да жағдай  өте ауыр екенін айтты.

Тірі малды әкетуге тыйым салу,  ірі қараны экспортты квота жасау шаралары да теріс нәтижелер берді. Ауылда жеке үй шаруашылықтары өздерінің малын өткізуге зар болып қалды. Соның нәтижесінде малға қарап отырған ата-аналар балаларын мектепке дайындауға ақшалары жоқ!  Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен! Қазақстанның астық нарығындағы жағдай да  тұрақсыз, - деп нақтылады Мәжіліс депутаты.

Азықтық бидайдың орташа құны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 -2 есеге арзандап кетті, бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауына себеп болуы мүмкін.

Ерлан Саиров еліміздің аграрлық саласы жүйелі дағдарыс алдында тұрғанын айтты.

622

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.