Қазақстан мен Қытай көрші елдер болғандықтан, халықтардың өзара ынтымақтастығы, өзара келісімдері іс жүзінде де, аонайы құжат та бар. Екі елдің елшіліктері арқылы ежелден ауқымды істер атқарылып келеді. Алайда Қытайда өмір сүретін немесе сол жақта әртүрлі құқық бұзған қазақтардың істері насырға шауып жатқандары да баршылық, деп хабарлайды Turkistan Today.
Соған қарамастан мемлекетаралық келісөздердің арқасында өмір бойына сотталған қазақстандықтың елге қайтуына ықпал еткені туралы дерек те бар. Ал өзге елде шалыс басып, істі болған қазақтарды Қазақстанға қайтару туралы тәжірибеміз бар. Оған мысал бұған дейін 15 азаматын берген.
2015 жылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қойған.
Күні кеше Қытайдың Бейжің қаласында Қазақстанның сондағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен бірге, қазақстандық дипломат ҚР мен ҚХР арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа түзетулер енгізу қажет екенін айтты.
Оған қоса Шахрат Нұрышев шарт шеңберінде жазасын өтеп жатқан екі елдің азаматтарын өзара отандарына қайтаруды алға тартты.
Лю Чжицян қазақстандық дипломат көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, Министрліктің құзыреті шеңберінде оларды одан әрі пысықтауға дайын екенін білдірді.
Іргелес көрші екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін тиісінше қорғауда өзара жұмысты жалғастыруға келісті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.