Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған ер адам өзін өртеп жіберген

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 1 тамыз, 2023

Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 30 шілдеде болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмағанына ашуланып, үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы өте ауыр.

912

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.