Текті адамдар маған мөлдір бұлақтан аққан таза судай көрінеді.
Көріп алған тексізден, көрмей алған текті артық-демей ма? Көздің ұшында келе жатса да азаматардың алдын кеспей ілтипат сақтап, күтіп тұрған Данагүл қыздың тектілігін Төле би бабамыз алыстан таныпты.
Ауылына адам жіберіп, арнайылап қыздың үйіне түседі. Баласын адал аспен баққан қарапайым шаруаның қызына сол жерде құда түседі. Анасының адал сүтін емген Данагүлдің бойынан тектіліктің иісін сезген текті би қазына тапқандай қуанышын жасыра алмапты сол күні.
Қазыналы бидің ойлағаны тура келіп Данагүл келіні ақылымен көптің көңілінен шыққан елдің дана келініне айналыпты. Қарлығаш би атанған бабамыздың текті келіні тарихта өзінің ақыл парасатымен қалды. Тектіліктің белгісі, айнымас ақыл деген осы ағайын.
Әулетіміз түгілі, әуретімізге ие бола алмай жүрген мына заманда, тегеурінді ұрпақ әкелетін текті келіндеріміздің қатары көбейсін-деп тілейік.
Имам Ағзамның әкесі Сәбиттің тектілігін бір көргеннен таныған қайын атасы:”Балам рұқсатсыз тістелген алмаңның ақысын ақіретте сұралмауы үшін кешірейін. Талабым қол-аяғы жоқ, көзі жоқ, құлағы шұнақ қызымды аласың -дейді”
Алған жарының он екі мүшесінің сау, айдай сұлу әдемі екендігін көргенде, атасы:” Балам қызым өсекке саңырау, харамға соқыр, жаман жерді баспаған, лас нәрсені ұстамаған мөлдір бұлақтай тап-таза перзентім еді”-деген екен.
Ай күні жетіп, аман-есен босанған баласы болашақта атақты ғұлама ғалымға айналатынын сол кезде білді ме екен текті ана.
Зерек бала төрт жасында анасына құранды төрт күнде жаттап алғанын айтып мақтанса.
Анасы:”Балам әкең дәрияда ағып бара жатқан алманы рұқсатсыз жемегенде, қасиеті құранды бір-ақ күнде жаттап алар едің”- деген екен.
Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деген. Әкесі жақсының қызын алған, анасы жақсыға қызын берген қазақ әулие ғой. Өмір бәйгесінде өзінің тектілігін дәлелдеген адамдардың өсіріп отырған қыздарын көрмей-ақ алып, ұлағатты ұлдарына көрмей-ақ қыздарын берген.
Қазақтың:”Көрмей алған текті артық”-деген сөзінің астары осы ағайын.
МАҚСАТ СҚАҚОВ.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.