Қостанайда такси жүргізушісін айыптап, шу шығарған қыз қалай жазаланды?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 31 қаңтар, 2024

Қостанай облысының Полиция департаменті такси жүргізушісін тиісті деп айыптап, шу шығарған қыздың қандай жазаға тартылғанын айтты, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер қыздың арнайы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылғанын хабарлады. Бұл құқықбұзушылық үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл сомасы 110 760 теңге болады.

Видео кейіпкері өзінің суреті тарап кетуіне байланысты полицияға арыз жазған, мәселе азаматтық-құқықтық салада қаралатыны айтылды.

Еске салайық, 2023 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай полициясына тұрғын хабарласып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал туындағанын хабарлаған. Видео бұған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Жүргізушінің айтуынша, қыз полицияға "мас болғанын" айтып беремін деп қорқытқан. Содан кейін жүргізуші оқиғаны видеоға түсіріп алған.

423

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.