ҚР-да ЖКО саны 4% азайды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 18 қазан, 2023

Биыл қаңтар–қыркүйекте республикада 9,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл былтырғыдан 3,8% аз, деп хабарлайды Turkistan Today.

Көбіне ЖКО Алматы қаласында тіркелді: республика бойынша барлық оқиғалардың 25,9%-ы немесе 2,6 мың оқиға — былтырғыдан 2,4% аз. Одан кейін Алматы (961 оқиға, 37,6% азайған) және Жамбыл (695 оқиға, 39,4% азайған) облыстары.

ЖКО ең аз тіркелген өңір Ұлытау облысы: 42 оқиға. Одан кейін Атырау (218 оқиға) және Қарағанды (236 оқиға) облыстары.

Биыл қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша, елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан 14 мың адам зардап шекті, бұл былтырғыдан 7,1% аз.

Олардың ішінде жараланғандар саны 7,8% азайып, 12,3 мың адамды құрады, оның ішінде 7,1 мыңы ерлер және 5,2 мыңы әйелдер. Оның 2,8 мыңы кәмелетке толмағандар болды, бір жылда 0,7% азайған. 6,5 мың адам ауруханаға жатқызылды, көрсеткіш былтырғыдан 1,1% көп.

Жыл басынан бері жол апатынан 1,7 мың адам қаза тапты, бұл былтырғыдан 2,1% аз. Қайтыс болғандардың 1,2 мыңы ерлер, 488-і әйелдер. Олардың ішінде 210 адам кәмелетке толмағандар, бір жылда 16% көбейген.

Өңірлер бойынша жол-көлік оқиғаларынан ең көп зардап шеккендер Алматыда (2,8 мың адам), сондай-ақ Алматы (1,4 мың адам) және Жамбыл (1,2 мың адам) облыстарында, ең азы Ұлытауда (67 адам), сондай-ақ Қарағанды және Атырау (әр облыста 362 адам) облыстары.

Биыл тоғыз айда елімізде 4,1 мың қылмыстық көліктік құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғыдан 5,7% аз.

Құқық бұзушылықтардың 69,5%-ы жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу болды: 2,9 мың оқиға. Тағы 22%-ы көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы: 902 құқық бұзушылық.

Өңірлер бойынша көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар көбіне Алматы (418 жағдай), сондай-ақ Алматы (380 жағдай) және Түркістан (309 жағдай) облыстарында тіркелген. Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау облысында тіркелді: 70 оқиға.

Ішкі істер министрлігі автоемтихандарды қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді: енді емтихан тапсыру процесі онлайн трансляция арқылы бақыланады, оқушыларды «Автомектеп» ақпараттық жүйесіне міндетті түрде тіркеу ережесі енгізілді, нәтижесінде тізбелерді түзету мүмкіндігі алынып тасталды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы.

Қазіргі уақытта түзетулердің екінші пакеті әзірленді. Атап айтқанда, оқу курстарынан өткені туралы анықтамалар мен медициналық анықтамаларды электронды форматқа көшіру жоспарланып, жүргізушілерді өздігінен оқытуды жою мәселесі қарастырылуда.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.