Құлдықта ұстап, мал бақтырған жетім қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 27 қыркүйек, 2023

Түркістан облысында Назгүл мен Құндыз есімді апалы-сіңлілі 17 жылдан бері құлдықта болып, мал баққан. «Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай екі жетім қыздың ағасы мен жеңгесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Руслан Өтепбай Instagram желісіндегі парақшасында қазіргі таңда қыздардың емделіп жатқанын айтқан.

Ардақты ағайын, Назгүл мен Құндызды Алматыға алып келдік. Үш аптадан бері қыздар ем-дом қабылдап жатыр. Апалы-сіңлілілер кешенді ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар олардың тамағын әзірлеп, жуындырып, киімдерін тазалау үшін күтуші жалдадық. Қыздар 3 ай бойы емді Алматы қаласындағы орталықта қабылдайды. Айта кетейін, қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар олардың оқыс жағдайда қайтыс болған інісінің өлімі қалай болғанын анықтау үшін тілшілер дәлел жинауда. Таяуда ашылмаған басқа да жайттарды эфирде айтамыз. Ал әзірге басты мақсат - қыздардың денсаулығын ретке келтіру, - деп жазды тележүргізуші.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында апалы-сіңлілі қыздар ұзақ уақыт бойы ағасының малын бағып, нашар жағдайда өмір сүріп келген. Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасына 11 жыл бір партада отырған Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина есімді сыныптастары хабарлаған еді.

2.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.