«Құтырғаннан емес»: белгілі блогер күйеуімен жарты жыл тұрып, ажырасып кеткенін айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 11 шілде, 2023

Әлеуметтік желідегі белсенді блогерлердің бірі Ақмарал Елшін жұбайымен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды, деп Turkistan Today хабарлайды. 

«Ресми түрде ажырастым. Себебі өте көп. Алғашында адам басқа болады. Одан кейін отбасылық өмірде басқаша екенін көресің. Әрине, бұл қиын. Бірақ солай шешуге тура келді. Қыз бен жігіт ретінде жарты жылдай араласып жүрдік. Жарты жыл қатты көп емес. Шамамен осына уақыт қана бірге болдық. Көп болмадық. Үш отбасы бірге тұрдық. Ата-анамыз кішкентайымыздан бізге сенім артты. Өзімізге өте жауапты болдық, әр істе жауапкершілікті мойынға алатын қасиетіміз бар. Құдайға шүкір. Ол кісілер де біледі. Мұндай шешім жайдан жай емес. Құтырғаннан, тойғаннан, секіргеннен емес. Нақты болғаннан кейін, осындай шешім болғанын біледі. Басында ол кісілер де қарсы болған. Жасыратын ештеңесі жоқ. Олардың отбасында бір жағдайлар бар. Мен мамаларға айтып, кім қателеспейді деп, көндірген едім. Осылайша, ол кісіге тұрмысқа шығуыма қарсы болған. Негізінде, ата-ананы тыңдау керек екен», — деді Ақмарал Елшін.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.