М. Базарбайұлы: Парижге тек алтын үшін барамын

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Спорт 26 маусым, 2024

Париж Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғайтын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы дайындық барысы жайында айтты. Әсіресе, жазғы ойындарға медаль үшін, оның ішінде алтын үшін ғана баратынын алға тартты. Бұл жөнінде ұлттық құрама өкілі «Спорт Министрі» YouTube арнасына берген сұхбатын мәлімдеді,-деп хабарлайды  turkistan.today

«Қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Чемпион болу үшін еңбек етудеміз. Қазір жасым 21-де. Яғни, командадағы ең жас боксшымын. Соған қарамастан, Парижде топ жарғым келеді. Өйткені, олимпиада мен үшін бокстың ең шыңы саналады. Бала кезден соны бағындыруды армандадым. Енді іске асыратын уақыт жетті» - деді Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. 

Айта кетейік, боксшыларымыз қазір Алматыда дайындалып жатыр. Дәл осы спорттық бағыт бойынша 10 лицензия жеңіп алдық. Оның 7-еуі ерлерге тиесілі. Яғни, қазақстандық жігіттер барлық саламақта өнер көрсетеді. Ал, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіде бақ сынайды. 

Бас демеуші - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
Серіктес - SportQory.

995

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.