Министр Темірлан Анарбековты марапаттады

Спорт Бүгін, 17:44

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігінде Спорт және туризм академиясының ректорлық гранты футбол клубы «Қайраттың» қақпашысы әрі екінші курс студенті Шерхан Қалмырзаға табысталды. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Министр бұған дейін министрлік Темірлан Анарбековке (ол үш пенальтиді қайтарды!!!) және Дастан Сатпаевқа Алғыс хаттар табысталғанын атап өтті.

Өкінішке қарай, алдағы ойындарға дайындыққа байланысты марапатқа тек Шерхан Қалмырза ғана қатыса алды.

Біз Темірлан Анарбековты 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық,- деп жазды Саясат Нұрбек.

 
"Сондай-ақ, Дастан Сатпаевтың да біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де!

Министрлік спортты дамытумен қатар, кәсіби спортшылардың академиялық білім алуына да ерекше мән береді. Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырза – спорттық жетістіктері үшін грант иегері атанған алғашқы спортшылар емес. Бұған дейін де көптеген дарынды жастар осындай қолдауға ие болған.

Біз талантты жастарды барынша қолдауға тиіспіз – мейлі ол спортта, ғылымда немесе өнерде болсын. Темірлан мен Шерханның үлгісі көптеген студенттерге оқу мен спортты қатар алып жүруге, мақсатқа жетудің еңбексіз болмайтынын дәлелдеуге шабыт береді"- деп жазды министр.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.