Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл-Тәнимен кездесті. Бұл туралы Turkistan.today хабарлайды.
Кездесу барысында Президент FIBA-ның Қазақстандағы баскетболды дамытуға көрсетіп отырған қолдауын атап өтіп, ұйым басшысына Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстанда баскетболдың 100 жылдығы атап өтілетінін айтты. Оның сөзінше, бүгінде бұл спорт түріне балалар мен жастардың қызығушылығы артып келеді. Сонымен қатар Қазақстаннан әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен белгілі баскетболшылар шыққанын атап өтті.

Мемлекет басшысы елімізде 3×3 форматындағы баскетболдың дамуына қызығушылық артып келе жатқанына да тоқталды. Тараптар бұқаралық және кәсіпқой баскетболды дамыту, спорттық резерв даярлау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде Сауд Али Әл-Тәни Қазақстанда баскетболға көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылығын білдіріп, FIBA-ның спортты одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға қосқан үлесі үшін FIBA президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясын 2022 жылдың 12 тамызынан бері Абай Әбдісаметұлы Алпамысов басқарады. Ол федерация президенті қызметін бұған дейін де, 2013-2017 жылдары атқарған.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.