Қазақ спортшылары садақ атудан әлем чемпионатында жүлдені қанжығаға байлады

Спорт Бүгін, 16:26

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 32 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатында жүлдеге ие болды. Бұл жеңіс еліміздің спорт тарихында айтулы оқиға ретінде бағаланып отыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Жүлдегерлер қатарында Аделя Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова бар. Олар жаһандық додада шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, Қазақстанның қоржынына қымбатты олжа салды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен спорт саласын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да өз нәтижесін беріп келеді. Жаңа чемпиондарды тәрбиелеу ісі жолға қойылып, отандық спорт қарқынды дамуда.

Бұл жетістікке Қазақстан садақ ату федерациясының президенті Азамат Үсімбеков пен Бас хатшы Есет Байтасовтың еңбегі де айрықша. Олардың басшылығымен бүгінде еліміздің 15 өңірінде 7 мыңнан астам спортшы садақ ату спортымен айналысып жүр.

Айта кетелік, сарапшылардың пікірінше, бұл табыс Қазақстанда садақ ату спортының мықты іргетасы бар екенін дәлелдеп, алдағы уақытта халықаралық аренада жаңа жеңістерге жол ашатынын көрсетіп отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.