Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев америкалық кәсіпкер Илон Маскты Америкадағы соңғы есі дұрыс адам деп атады.
Өйткені CNN журналист Уолтер Айзексон жазған Илон Масктың өмірбаянына сілтеме жасап, кәсіпкер ядролық соғысты болдырмау үшін Украинада Starlink спутниктік серверін өшіргені туралы хабар таратқан, деп Turkistan Today жазады Inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.
"Уолтер Айзексонның "Илон Маск" жаңа өмірбаянынан үзіндіге сәйкес, Маск өзінің инженерлеріне өткен жылы Ресей әскери-теңіз күштеріне Украинаның тосын шабуылын тоқтату үшін өз компаниясының Қырым жағалауындағы Starlink спутниктік желісін өшіруді жасырын түрде бұйырды. Жарылғыш заттармен толтырылған украиналық суасты дрондары Ресей флотына жақындағанда "байланыс жоғалып, ешқандай зиян келтірмей, жағаға шықты", - деп жазады Айзексон.
Жалпы кітап авторының айтуынша, Масктың мұндай шешіміне оның Ресейдің ядролық қару қолдануы мүмкіндігінен қорқуы болды. Кәсіпкерге қорқыныш сезімін ол жиі араласатын ресейлік олигархтар ұялатқан болуы керек. Кітап 12 қыркүйек жарық көреді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.