Кеше Алматыда болған алапат өртке байланысты Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында өз пікірін білдірді деп Turkistan Today хабарлайды halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкіметтен миллиондап қаржы бөлінсе де жететін жеріне жетпей қала береді. Түбінде зардап шегетін біз (халық). Бүгінгі өртте қарапайым халық матрац көтеріп, бірін-бірі құтқарып әлек. Қашанға дейін бұлай жалғаса бермек?! Осы уақытқа дейін болған өрттерден сабақ алатын уақыт жетті емес пе?! — деп жазды депутат.
Сондай-ақ ол өзіне жолданған өрт сөндірушінің хатын да қоса жариялады.
Көліктер ескі, яғни ескі техника. Бұзылса, өз қалтамыздан шығаратын кездер де болады. Киім мәселесі, күнделікті жұмыс формасын өз ақшамызға сатып аламыз. Өртке киетін «боевая одежда пожарного» жұмысқа тұрғанда ғана беріледі. Одан кейін әр үш жыл сайын берілу деген ұғым жоқ! Айлық мәселесі, иә айлықты өсірді. Бірақ соғұрлым азық-түлік бағасы өсті, бір-бірімізді қуып жете алмай жатырмыз. Спасательный батут секілді дүние атымен жоқ. Құдай сақтасын, әрине, Алматыдағыдай жағдай болса, матрац тосып жүреміз бе?
Сіздер білсеңіздер ғой, қандай давление тұрғындардан! Не істеп тұрсыңдар? Матрац емес, батут қайда? Техникаларыңда су жоқ па, т.б. сұрақтар мен неше түрлі сөз естіп жүрміз», — делінген оқырман хатында.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.