Алматыда «WTT Contender Almaty» турнирі жалғасып жатыр және бүгін жүлдеден үмітті негізгі айналым қатысушылары өнер көрсетті, деп жазады Turkistan.today.
Кешегі күннің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардан Искендер Харки (жекелей сын), Владислав Захаров/Бақдәулет Акимали (жұптық сын), Жанерке Кошкумбаева/Гузель Торшаева (жұптық сын), Денис Жолудев/Сағантай Курмамбаев (жұптық сын) қарсыластарына есе жібергенімен, «lucky loser» (аудармасы – «бақытты бейбақ») арқасында доданы жалғастырды. Яғни, негізгі айналымдағы спортшылардың бірі қандай да бір себеппен (жарақат не ауру себепті) турнирге қатыса алмай, оның орнына рейтингте үздік болып тұрған, алайда жеңіліс тапқан спортшы келеді.
Осылайша, бүгін кортта негізгі айналымда мына спортшылар өнер көрсетті:
Жекелей сын, 1/16 финал.
Алан Құрмангалиев - Хван Бей (Аустралия)
Айдос Кенжеғұлов - Флориан Буррассо (Франция)
Искендер Харки - Жюль Ролланд (Франция)
Зауреш Акашева - Аннетт Кауфманн (Германия)
Сарвиноз Миркадирова - Сюй И (Китай)
Жанерке Кошкумбаева - Сяона Шань (Германия)
Ерлер арасындағы жұптық сын, 1/8 финал.
Денис Жолудев/Сагантай Кұрмамбаев - Сора Мацусима/Сюнсуке Тогами (Жапония)
Искендер Харки/Ирисбек Артукметов - Нгуен Ань Ту/Лайан Нойманн (Вьетнам/Мексика)
Владислав Захаров/Бақдаулет Акимали - Пак Кангён/Пак Гюхён (Корея)
Дастан Кенжеғұлов/Георгий Кунатс - Чунг Джавен/Вон Ци Шен (Малайзия)
Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжеғұлов - Рёичи Ёшияма/Юхи Сакаи (Жапония)
Әйелдер арасындағы жұптық сын, 1/8 финал.
Зауреш Акашева/Сарвиноз Миркадирова - Хэ Чжуоця/Ван Сяотун (Китай)
Жанерке Кошкумбаева/Гузель Торшаева - Хонока Хасимото/Хитоми Сато (Япония)
Анель Бахыт/Ангелина Романовская - Зонг Геман/Цинь Юйсюань (Китай)
Аралас жұптық сын, 1/8 финал.
Санжар Жұбанов/Анель Бахыт - Сюэ Фэй/Цянь Тяньи (Китай)
Владислав Захаров/Ангелина Романовская - Искендер Харки/Сарвиноз Миркадирова
Алан Құрмангалиев/Зауреш Акашева - Хирому Кобаяши/Сакура Ёкои (Жапония).
4 қыркүйек қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын қорғаған Алан Құрманғалиев алға шықты. Ол қарсыласы аустралиялық Хван Бэні 3:0 есебімен жеңіп, алға шықты. Құрманғалиев тартысты ойынымен көзге түсіп, алдағы уақытта жүлделі орындарға таласуды жалғастыратын болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.