Бүгін Қазақ радиосының тікелей эфиріндегі «Наурыз – 2023» Халықаралық радиокөпір аясында Моңғолияның Қазақ радиосын техникалық жаңалау үшін демеушілер есебінен көмек көрсетілді және Алтын қордан жыр-териелер мен танымдық хабарлар жинағы табысталды, – деп жазды «Қазақ радиолары” ЖШС Бас редакторы — «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Жуырда Баян-Өлгейлік қандастарымыз радиоарнаны техникалық жаңалауға қол ұшын созу туралы көмек сұраған хаты «Отандастар қоры» мен Қазақ радиосына жолданған, бүгін радиомарафон аясында демеушілер есебінен Баян-Өлгейлік әріптестерге көмек көрсетілетіні айтылды. Моңғолиядағы Қазақ радиосы шетелдегі қазақ тілінде ақпарат тарататын ең үлкен БАҚ,-деп жаһды радиоарна басшысы Дулат Абибуллаев.
Естеріңізге салсақ, Моңғолиядағы қазақтардың 95 пайызы Баян-Өлгей аймағында тұрады және олардың саны 120 мыңға жуықтайды.
«Қандастар үшін ұлттық руханияттың бірден-бір көзі осы Қазақ радиосы. Наурыз игі істердің нышаны бастауы» – делінген радио директорының желідегі жазбасында.
Айта кететін жайт, Баян-Өлгей аймақтық Қазақ радиосының директоры лауазымын Оспан Нәбиұлы атқарады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.