Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов отбасылық өмірде келін мен ене арасындағы мәселені қозғады. Имам келіннің енеге келмегенін, күйеуіне тұрмысқа шыққанын айтты, деп Turkistan Today жазады KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ене мен келін тақырыбы жайлы Нұрлан имам Instagram парақшасында айтты. «Бізде көбінесе біз «келін, келін» дейміз. Неге біз өз баламызды (ұлымызды — ред.) айтпаймыз? Неге ұлымызды айтпаймыз? Бізде көбінесе «Келін осындай болуы керек», «Келін міндетті немесе міндетті емес», «Келін былай тұруы керек» дейді. Бала қайда қалды? Бала (күйеуі -ред.) тұлға емес пе? Келін енеге келген жоқ қой. Келін күйеуге келді. Келін күйеуге шықты. Бұл жерде командир ене емес, күйеу болуы керек», — деді Нұрлан имам.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.