Өзбекістанда балабакша басшысының ұлы 6 жасар қызды қорлаған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 6 мамыр, 2023

Өзбекістанның астанасы Ташкенттегі балабақшадан шу шықты. Балабақша басшының 15 жасар ұлы 6 жасар қыздарға қол тигізіп, оларды шешіндіруге мәжбүрлегені белгілі болды, деп хабарлайды Turkistan Today Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Мектеп оқушысы күн сайын балабақшаға тыныш сағат кезінде келіп, балалармен бірге дайындық тобында болған. Қорқытып ол төрт қызды, олардың бірі шетелдіктің қызы, шешінуге мәжбүрлеп, жасөспірім қыздарға қол тигізген. Алайда бір қыз айқайлаған соң, қорқып кетіп қалған.
Порталдың мәліметінше, оқиға бойынша тексеру басталған. Қыздардың ата-аналары балалар ұйықтайтын бөлмеде камералар орнатылмағанын және тергеу күні кіреберістегі камера кенеттен жұмысын тоқтатқанын айтады. 
Ал балабақша меңгерушісі "өз міндеттеріне жауапсыз қарағаны және балалардың өміріне қауіп төндіргені үшін" қызметінен босатылған. Осы оқиға бойынша ҚК-нің 119-бабы "жыныстық қажеттілікті табиғи емес нысанда күштеп қанағаттандыру" және 25-бабы "қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іс Бас прокуратурасының бақылауында. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Өзбекістандық екі шенеунік балалар үйіндегі қыздарды зорлағаны үшін түрмеден қашып кеткен болатын. 
Бұл оқиға екі жыл бұрын Өзбекстанның Үргенш қаласында орын алған. Осы жылдың наурыз айында ғана Nemolchi.uz жобасы әлгі шенеуніктердің жазаларынан қашқаны үшін жария еткен. Оқиға былай болған, 2021 жылы Үргенчтегі балалар үйінің меңгерушісі кәмелетке толмаған үш оқушыны жергілікті шенеуніктермен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Қыздармен жыныстық қатынасқа түскен соң, мемлекеттік қызметкерлер мекемеге азық-түлік, тамақ, жиһаз, техника әкеліп, директордың басқа да мәселелерін шешуге уәде берген. Екі шенеуніктің бірі облыстық Әділет басқармасының қызметкері болса, екіншісі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы болған. Құрбандардың ең кішісі небәрі 15 жаста болған. Кәмелетке толмаған жетім қыздарды шенеуніктер 10 ай бойы зорлап келгені анықталған. Алайда айыпталушылар сотта қыздарды жыныстық қатынасқа ешкім мәжбүрлемегенін айтқан.

Іс сотта қаралып, балалар үйінің меңгерушісі 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылса, ал ер шенеуніктер өз аймақтарынан түнде үйден шықпау шартымен бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Өзбекстанда көптеген адамдар бұл жазаны жеткіліксіз деп санайды. Наразылық танытушылар жай ғана ұрлық бойынша сотталғандар 5 жылды арқалап кете барады, ал мынадай зорлық-зомбылық үкімет назарынан тыс қалуда екенін алға тартады. 

Отбасылық тәрбиеге мән беретін, имандылықты жоғары қоятын өзбек ағайын қазіргі қоғамда орын алып жатқан қылмысқа қарсы тұра алмай жатқаны өкінішті…

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.