Адам өміріне қауіп төндіретін педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады, деп Turkistan Today хабарлайды «Адырна» сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін Мәжілістің кеңейтілген отырысында талқыланды.
Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Ал заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған еді.
Құжаттарда экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады. Сонда-ақ, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуі мен ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.