Пригожин Африкада "Вагнердің" қатарына жауынгер тартып жатқанын жариялады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 22 тамыз, 2023

Айтуынша, оның жалдамалылары "Даиш" пен "әл-Каиданың" басына тозақ орнатып, Ресейді барлық континентте күшейтіп, "Қара құрлыққа" еркіндік әперіп жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

Ресейлік жалдамалы сарбаздар жетекшісі Евгений Пригожин дүйсенбі күні "Вагнер" тобына жұмысқа қабылдау туралы алғашқы видеосын жариялады, деп хабарлайды ресейлік телеграм-каналдар. Пригожиннің мұндай мазмұндағы бейнекадрлары "вагнерліктер" қорғаныс министрлігі шенеуніктеріне қарсы ұйымдастырған қысқаша көтерілістен бері алғаш рет пайда болып отыр.

Пригожин маусым айында президент Владимир Путиннің 23-жылдық билігіне ең үлкен қауіп төндірген драмалық бүлік кезінде жаһандық назарға ілікті. "Вагнердің" негізін қалаушы ұзақ уақыт бойы Путиннің күшті қамқорлығында болып, шетелде Ресей мүдделері үшін күресіп, Украинадағы соғыстың ең қанды шайқастарына қатысқан жекеменшік армияны құрды.

Пригожинмен байланыстағы Telegram арналарда жарияланған видеода жалдамалылардың 62 жастағы жетекшісі "Вагнер" тобының барлау және іздестіру операцияларын жүргізіп, "Ресейді барлық континентте одан сайын ұлы мемлекетке айналдырып, Африканы еркін етіп" жатқанын мәлімдеді.

"Біз нағыз мықтыларды жұмысқа алып, уәде еткен міндеттерді орындауды жалғастырып жатырмыз", – дейді видеодағы әскери форма киген спикер автоматын көтеріп тұрып. Сол сәтте оның артқы жағында пикаптар мен жауынгерше киінген адамдар байқалды.

"Вагнерліктердің" лидерімен байланыстағы ресейлік әлеуметтік медиа Пригожиннің Африкада жұмыс істеу үшін сарбаздар жинап жатқанын, сонымен қатар оның "Орыс үйі" мәдени орталығы арқылы Орталық Африка Республикасына ақша салуға Ресейден инвестор шақырып жатқанын хабарлады.

Айта кетсек, Орталық Африка Республикасы – "Вагнердің" жалдамалы сарбаздары адам құқықтарын бұзды деп айыпталған елдердің бірі.

Дүйсенбіде тараған видеода Пригожин "Вагнердің" 50 градус аптап ыстықта "ДАИШ, "әл-Каида" сияқты қарулы топтардың басына "тозақ орнатып" жатқанын айтты.

Кремль 2014 жылдан бері "Вагнерді" Ресейдің Таяу Шығыс пен Африкадағы ықпалын кеңейтудің бір құралы ретінде пайдаланып келеді.

Пригожин 23 маусымда қорғаныс министрін биліктен кетіру үшін қарулы көтеріліске шақырып, нөкерлерімен Украинадан Мәскеуге аттанғанға дейін Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттерін бірнеше ай бойы сынады.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың арағайындығымен жасалған келісім бойынша, Пригожин мен оның жауынгерлері рақымшылыққа ілігіп, Беларуське қоныс аударып, көтерілістерін тоқтатты. Сонымен қатар, "Вагнер" Лукашенконың еліне көшпес бұрын Ресей билігінің жалдамалылардан төнген қауіпті сейілту әрекеті аясында қару-жарағын ресейлік әскерилерге тапсырды.

Бүлік басталған кезде Путин Пригожинді "сатқын" деп атап, оны қатал жазалауға уәде берді. Алайда, "Вагнер" жетекшісіне қатысты қылмыстық іс кейіннен тоқтатылды. Бір ерекшелігі,  Кремль көтерілістен кейін бірнеше күн өткенде Путиннің Пригожинмен және "Вагнер" тобының командирлерімен 3-сағаттық кездесу өткізгенін хабарлады.

Шілде айындағы видеода Пригожиннің Беларусьте жүргені көрінді. Содан кейін оның Санкт-Петербургте өткен Ресей-Африка саммитінде түскен фотосы жарияланды. Алайда, Пригожиннің қазір нақты қайда жүргені белгісіз.

2.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.