Бүгін Ресей астанасы Мәскеуде терроризмге қарсы іс-шаралар басталғанын хабарлайды Turkistan Today.
Мәскеуде қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізілуде, деп жазады Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің Telegram каналында.
"Жолдарда қосымша бақылау енгізілді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуді шектеу мүмкін. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұраймын", – деп жазады Мәскеу қаласының мэрі.
Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев сонымен қатар аймақ тұрғындарын шектеу шараларын енгізу туралы хабардар етті.
"Мәскеу облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, жағдайды құқық қорғау органдары мен ФСБ бақылайды. Терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіледі. Оңтүстік бағыттағы жолдарда қосымша тексерулер болуы мүмкін, осыған байланысты мүмкіндігінше Мәскеу облысының оңтүстігінде, ең алдымен аймақтан тыс жерлерде жеке көлікпен жүруден бас тартуды сұраймын. Сабырлы сақтауларыңызды сұраймын".
"Вагнер" ПМК басшысы Пригожиннің қарулы көтеріліс әрекетіне байланысты шектеу шаралары енгізілді. Оған қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетсек, Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ПМК қатысушылары әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламалардан кейін белгілі болды.
ҚР Ресейдегі елшілігі қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады. Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында қауіпсіздікке қауіп төніп тұр. Осыған орай, шекаралас аумақтарға барудан бас тартуды сұрайды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.