Сәулелі диагностика объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Фото: Ult.kz
Фото: Ult.kz
Медицина 13 желтоқсан, 2024

Сәулелі диагностика объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
Әлемде жыл сайын 3,6 миллиардқа жуық радиологиялық диагностикалық процедуралар жүргізіледі,- деп хабарлайды turkistan.today

Медицинада иондаушы сәулені пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар.  
Клиникалық диагноз қою үшін қажетті деңгейден жоғары сәулелену деңгейін пайдаланылғанда, пациент қосымша сәулеленуге ұшырауы мүмкін.

Теориялық тұрғыдан, медициналық бейнелеу процедуралары ауруды немесе жарақатты диагностикалау үшін жеткілікті кескін сапасын қамтамасыз ету үшін тиісті түрде негізделіп, мүмкін болатын ең аз экспозицияны пайдаланғанда ғана орындалуы керек.
Кез келген медициналық диагностикалық процедураның көздегені пациент болып табылады және дозаны бағалау, диагностикалық анықтамалық деңгейлер пациентті сәулеленуден қорғауды оңтайландыру үшін маңызды.

Медицинада диагностикалық радиологиялық процедуралар кезінде сәулелену дозасының деңгейін бағалау және бұл деректерді диагностикалық тексерулердің сапасын жақсарту, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалану абзал.

Радиациялық процедуралардан алынған дозалар пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және медициналық кескіндердің сапасына зиян келтірместен жүйелі түрде бағалануы керек.

ДДСҰ мен АҚХА елдерге халық үшін қауіпті азайту үшін ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыруды ұсынуда.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық заңнамасы үш қағидатты көздейді: негіздеу, реттеу (нормалау), оңтайландыру.

Сәулелік диагностика және терапия кабинеттеріне қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттелген.
Сәулелі диагностика объектілері эпидемиялық мәні жоғары объектілер санатына жатады және өзінің қызметін нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу арқылы жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалу қызметінің бақылауында 3393 медициналық рентген қондырғысы бар.
Санитариялық қызмет мамандары ағымдығы жылдың 9 айында 327 сәулелі диагностика және терапия кабинеттеріне тексеру жүргізіді, анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды.

Марат Байтүгелов  
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы   

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.