Танымал әнші Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасова араларындағы қатынасты халықтан жасырмай, бар шындықты жайып салды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қымбатты достар! Қымбатты қазақ елі! Біз осы қасиетті Рамазан айында бүкіл шындықты айтуымыз керек боп тұр. Адамнан жасырғанды Алладан жасыра алмайсың дейді. Өткендегі ән сапарда да айттым. Қасиетті айда шындықты айтуды жөн көрдік. Біздің студенттік шағымыз, бозбала, бойжеткен шағымыз бірге өтті. Ащыны, тұщыны, аштықты, тоқтықты бірге көрдік. Екеуміздің өз отбасымыз бар. Отбасымызбен араласамыз. Біз бір оғаш қылақ көрсеткен жоқпыз. Артық іс көрсеткен жоқпыз. Ұшақтан бірге түссек, қосып қоясыздар, жабыстырып қоясыздар. Сондықтан, біз доспыз. Бір әулеттің баласындаймыз."Жақсыда жаттық жоқ" дейді ғой. Мадина менің келіншегіммен дос. Мен Мадинаның жолдасымен бауырмыз. Екеуміз бір-бірімізбен хабарласқан жоқпыз. Тек кездесіп қала береміз, - деп ағынан жарылды әнші Сәкен Майғазиев.
"Сізді қайдам. Мәдина көп жабысып жүреді", "Шынымды айтсам, екеуіңізді қосып жатқан өсек естімеппін", деп жазды оқырмандар.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.