Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 12 ақпан, 2024

Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды, деп Turkistan Today хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алған.

Полиция хабарлауынша, Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталған.

Тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан.

Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертіліп, ал көлік айыптұраққа қойылды.

309

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.