Шымкентте оқушы қыз сабақта өзін нашар сезініп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 7 ақпан, 2024

Қайғылы оқиға 6 ақпанда "Низамхан" жекеменшік мектебінде болған, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz жергілікті "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.  

Оқушы қыз 8-сыныпта оқыған. Ол бірінші сабақта ол өзін нашар сезінген.

Директордың айтуынша, мектепке жедел жәрдем қызметі келген. Алдын ала болжам бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы көп дәрі ішкен. Жансақтау бөліміне жеткізгенмен, құтқарып қалу мүмкін болмады. Түске қарай қайтыс болғаны белгілі болды.

"Баланың жағдайы нашарлады. Жедел жәрдем шақырдық. Не болғанын білмедік. Ол түнде 40 шақты жүрек дәрісін ішіп, мектепке келген деді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қыз бала тұйық болмаған, сыныптастарымен араласты. Олар бүкіл сынып болып 79-мектептен ауысып келді. Қудалау болған емес", – дейді "Низамхан" жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.

453

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.