Шымкенттегі дәмхананың бірінде ер адам қызды аямай ұрып тастады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 30 қаңтар, 2024

Шымкентте қаладағы дәмханалардың бірінде ауысыммен жұмыс істейтін қыз соққыға жығылған, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Полицейлердің мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу басталып кетті.

Бір топ ер адам телефондарын қайта сату үшін қаладағы дәмханалардың біріне кірген. Мекеме қызметкері олардың кетуін талап еткенде, ашуланған ер адамдар қызды бірнеше рет ұрған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Ведомство ақпаратынша, жарақаттың ауырлық деңгейі анықталғаннан кейін барлық қажетті шара жедел түрде қабылданады.

503

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.