Шымкенттегі қарттар үйінде танысқан екі қария үйленді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 8 ақпан, 2024

Қос ардагердің қуанышына орай той жасалды.

Шымкентте №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы екі қарт үйленді, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

72 жастағы Рақымқұл Бегалыұлы мен 62 жастағы Найла Мұхаммедқызы қарттар үйінде танысып, бас қосқан. Екеуі де №10 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 2023 жылғы маусымда келген. Жыл аяғына қарай қос ардагер үйленуге шешім қабылдап, 23 қарашада заңды некеге тұрған. 

Тойға қарттар үйінің қызметкерлері, жұбайлардың замандас-құрдастары қатысты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қуаныш иелерін үйлену тойымен құттықтады.

"Бақытты болуға ниет еткен адамға уақыт кедергі емес екенін өздеріңіз тағы бір рет дәлелдедіңіздер. Көңілі жарасқан адам қандай кезде де бір-біріне сүйеу. Сіздерді бүгінгі шаттық күнмен құттықтай отырып, осы тойға атсалысқан барша жанға алғыс айтамын", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қазір №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 47 қызмет алушы бар. Оның 15-і әйел, 32-сі ер адам.

469

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.