2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды - деп жазады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Turkistan.Today порталы.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралған.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.