Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңір тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Кентау қаласында үй кезегінде тұрған 60 пәтерлі, 3 қабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға тапсырылды,- деп хабарлайды turkistan.today
Кентау қаласында жаңадан бой көтерген Ш.Уәлиханов көшесіндегі қоныс тойға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, қала тұрғындарын жаңа баспаналарымен құттықтап, пәтер кілтін табыстады.
Бүгінгі таңда қала бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегінде жалпы – 4856 азамат тіркелген. 2018-2024 жылдар аралығында 1057 кезекте тұрған азаматтарға мемлекет тарапынан пәтер берілді.
Бұдан бөлек, қалада Кредиттік тұрғын үй салу бағдарламасымен 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.