Түркістан: Нұралхан Көшеров Сарыағаштағы нысандарды аралап, кәсіпкерлермен кездесті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Экономика 14 ақпан, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстарын талқыланды,- деп хабарлайды turkistan.today

Нұралхан Көшеров «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бүгінде 40-тан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цех, айына 70-80 тонна, ал жылына 960 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Цехта 32 түрлі өнім шығарылуда. Қазіргі таңда өндірілген тәттілер еліміздің түкпір-түкпіріне ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан мемлекетіне де жөнелтілуде. Кәсіпорынға орнатылған қондырғылар Италия және Ресей елдерінен алынған. 

Өндіріс орнын аралаған өңір басшысы Нұралхан Көшеров аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш қаласында бой көтеріп жатқан 300 орынға лайықталған жайлы мектептің жай-күйімен танысты. Жауапты басшыларға, мердігерге нақты тапсырмалар берді.

– «Жайлы мектеп» жобасы – Президентіміздің тікелей қолдауымен және тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Жұмысты жауапкершілікпен атқарыңыздар. Жаңа оқу жылында мектеп жұмысын бастауы керек, – деген облыс әкімі бірқатар түйткіл бойынша сын-ескертпелерін айтты. 

Білім ұясы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатыр. Бас мердігер – «А-СПЕЦСТРОЙ» ЖШС. Жер телімі – 1,5 га. Жоба құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын ғимараттың жалпы ауданы 6 667 шаршы метр. 2 қабататтан тұратын мектепте қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым жұмыстары ауыз су, электр, интернетке қосу жұмыстары толығымен аяқталған.

Жалпы ауданда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп салу жоспарланған. 2024  жылы 1 мектептің құрылысы аяқталған. Бүгінгі таңда 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, биыл пайдалануға беріледі. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.