Jusan Bank атауы ресми түрде Alatau City Bank болып өзгерді

Экономика Бүгін, 10:36

Қазақстандық Jusan Bank атауын ресми түрде өзгертті. Енді қаржы ұйымы Alatau City Bank деп аталады. Бұл өзгеріс банк қызметіне әсер етпейді.

2025 жылғы 16 маусымда «First Heartland Jusan Bank» АҚ атауы заңды түрде «Alatau City Bank» АҚ болып өзгертілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Банк қазіргі таңда атауды толық өзгерту бойынша техникалық және әкімшілік жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Ребрендинг банк клиенттері мен серіктестері алдындағы барлық міндеттемелерге әсер етпейді. Қаржы ұйымы өз міндеттерін бұрынғыдай орындауды жалғастырады.

Айта кетейік, мамыр айында Jusan Bank «Қазақтелекомдағы» өз үлесін 42 млрд теңгеге сатқан болатын. Бұған дейін 2023 жылдың сәуірінде банк «Самұрық-Қазына» қорынан алған 100 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарған еді.

Толығырақ - Kazinform

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.