Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында 40 отбасына жаңа пәтер кілті тапсырылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 15 ақпан, 2025

Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іссапарында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды,- деп хабарлайды turkistan.today

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Өңірімізде жыл сайын құрылыс қарқыны артып, көпқабатты үйлер салынуда. Бүгін қазығұрттық тұрғындар да қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды баспаналарыңызбен құттықтаймын! – деді Нұралхан Көшеров.

Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді. 

Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып, жыл соңында аяқталған.  Құрылысты «Урба Стандарт» ЖШС атқарды. 1 тұрғын үйде 8 пәтерден бар. Оның ішінде1 бөлмелі 2 пәтер (36,4 м²),  2 бөлмелі 4 пәтер (59,4 және 52,2 м²) және 3 бөлмелі 2 пәтерден (74,8 м²) бар.

Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ, жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде ел 1174 коммуналдық үймен және 977 тұрғын ипотекалық үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.