Түркістан облысының демографиялық ахуалы: Өсу, даму және болашаққа бағдар

Түркістан 17 қыркүйек, 2025

Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, тарихи және мәдени мұрасы бай, табиғи ресурстары мол өңір. Соңғы жылдары облыстың демографиялық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп, халық санының өсуі мен жас құрылымының жақсаруы байқалуда. Бұл мақалада Түркістан облысының демографиялық ахуалы, оның ішінде халық саны, туу көрсеткіші, табиғи өсім, көші-қон, әлеуметтік қолдау шаралары және болашақтағы даму болжамдары қарастырылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Халық саны мен құрылымы

2025 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша, Түркістан облысының халқы 2 151 581 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 12 163 адамға артқан. Облыс халқының 74,7%-ы ауылдық жерлерде, 25,3%-ы қалалық жерлерде тұрады. Түркістан қаласының өзінде 2024 жылдың басындағы дерек бойынша, халық саны 228 030 адамды құраған. Бұл облыс халқының 10,6%-ын құрайды.

Туу көрсеткіші және табиғи өсім

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста 23 391 нәресте дүниеге келген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға төмендегенімен, туу көрсеткіші әлі де жоғары деңгейде сақталуда. Өлім саны 4 930 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,3%-ға азайған. Осылайша, табиғи өсім 18 461 адамды құрап отыр. Бұл облыстың демографиялық өсімінің негізінен табиғи жолмен жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Көші-қон

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облысқа 187 адам келген, ал 22 461 адам облыстан кеткен. Осылайша, көші-қонның теріс сальдосы –22 274 адамды құрады. Бұл көрсеткіш облыстың демографиялық өсімінің негізінен табиғи жолмен жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Әлеуметтік қолдау шаралары

Түркістан облысында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бірнеше әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда:

«Ана мен бала» бағдарламасы аясында перинаталдық орталықтар мен амбулаториялар салынған.

«Кәсіпкер ана» жобасы арқылы көпбалалы аналарға кәсіпкерлік гранттар берілген.

«Жас отбасы» және «Жастарға арналған тұрғын үй» бағдарламалары жас отбасыларды қолдауға бағытталған.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 400 әлеуметтік нысан жөндеуден өткен немесе салынған.

Білім беру және жастар саясаты

Облыста жастардың білім алуына және кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінуде:

2024 жылы облыстағы жоғары оқу орындарында 20 мыңнан астам студент білім алуда.

«Жас маман» бағдарламасы аясында 2025 жылы 1 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасты.

Мектептерде «Отбасы тәрбиесі» пәні енгізіліп, оқушыларға отбасы құндылықтары мен жауапкершілігі туралы білім беріле бастады.

Денсаулық сақтау саласы

2024 жылы облыста 10 жаңа медициналық мекеме ашылды, оның ішінде 5 ауылдық амбулатория мен 3 көпсалалы аурухана бар. Бұл шаралар халықтың денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Ана мен бала өлім-жітімін азайту мақсатында «Ана мен бала» бағдарламасы іске асырылуда. 2024 жылы облыста ана өлім-жітімі 10%-ға, бала өлім-жітімі 5%-ға төмендеді.

Экономикалық даму және жұмыс орындары

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде:

2024 жылы облыста 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

«Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 2025 жылы 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 2024 жылы 1 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды.

Түркістан облысындағы демографиялық ахуал оң өзгерістерге ұшырап, халық санының өсуі мен жас құрылымының жақсаруы байқалуда. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар өңірдегі демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Бұл шаралар отбасы институтын нығайтуға, жастардың білім алуына және кәсіби дамуына, денсаулық сақтау саласының жақсаруына, экономикалық дамуға ықпал етуде.

Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуы өңірдегі экономикалық, мәдени және демографиялық жағдайдың өзгеруіне ықпал етуде. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этнодемографиялық үрдістерінің бағыттары мен трансформациясына өзгерістер алып келуе. Қазіргі Түркістан облысының демографиялық жағдайы XX ғасырдың басынан бері әртүрлі көрсеткіштерге ие болды. Ерекшелігі, ғасыр бойы облыстың халық санының өсу динамикасы ілгерілеп отырған. Бұл облыс халқының дәстүрлі тұрмыс тіршілігі, қоныстану жүйесі, климаты, миграциялық үрдістері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты болды. Осы процестерді тарихи тұрғыдан талдау үшін әр түрлі жылдарда жасалған кейбір халық санағының нәтижелерін зерттеуді пайдалы болады деп ойлаймыз.

Бұл бағытта қаралған халық санағының алғашкысы 1926 жылғы санақта Сырдария губерниясында 1, 157,188 адам өмір сүріп, оның ішінде қазақтар – 876,184; орыстар – 82,392; немістер – 4,447; украиндар – 43,241; өзбектер – 124,650; татарлар – 7,629; белорусьтер – 1951; ұйғырлар – 60; әзербайжандар – 12; кәрістер – 11 адам болған [Всесоюзная перепись., 1928]. Ал, 1939 жылғы санақ материалдарында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 745,542 адам өмір сүрген. Оның құрамында қазақтардың үлесі 349,489 адамнан 46,9 % құраған. Облыстағы орыстардың саны 169,805 адамды құрап, 22,8 % құраған. Дәл сол сияқты, немістер – 6,089; украиндар – 57,519; өзбектер – 100,770; татарлар – 13,507; белорусьтер – 3,284; ұйғырлар – 382; әзербайжандар – 4,832; кәрістер – 6,041 адамды құраған [Населенеие Казахстана., 2009.]. 1926–1939 жж. санақ материалдарындағы халық санының өзгерістерінде бірқатар факторларды ескеруді қажет етеді. Оның ішінде Сырдария губерниясының 1928 жылы әкімшілік бөліністерінің әсері болды. Сонымен қатар, 1937 жылы Солтүстік Кавказдан қоныс аударған мұсылман халықтары облыстың этнодемографиялық үрдістеріне өз ықпалын тигізді. 1959 жылы жүргізілген санақтың көрсеткіштерінде Шымкент облысының этнодемографиялық көрсеткіштерінде де ерекшеліктер болды. Мысалы, жалпы халық саны 906,696 адамды құрап, оның ішінде қазақтар – 398,193; орыстар – 207,426; немістер – 28,320; украиндер – 40,344; өзбектер – 116,159; татарлар – 25,250; белорусьтер – 2,873; әзербайжандар – 11,510 адам болды [Статистический сборник, 1991]. Санақ мәліметтеріндегі әзірбайжандардың санының күрт өсуі 1944 жылғы депортацияның әсері болды. Облыс төңірегіне осы кезеңде әзербайжандармен қатар, ахыска түріктері, қарашай, балкар және т.б. түркі халықтары қоныс аударған болатын. Нәтижесінде облыс территориясында түркі халықтарының саны мен үлесі басымдыққа ие бола бастады.

1970 жылы Шымкент облысындағы халықтың жалпы саны – 1,284,859 адамды құрады. Оның ішінде 47,1 % қазақтар, 22,0% орыстар болды. Облыс халқының құрамын славян және түркі халықтары ретінде бөліп қарайтын болсақ, түркі халықтарының облыс бойынша үлесі 65,1 % құраса, славян халықтары 25,2 % құраған. Осы жылғы санақ материалдарынан бастап, халықтың этнодемографиялық үрдістерінде ерекшеліктер байқала бастайды. Оның ішінде славян және басқа да тіл тобына жататын халықтың үлес салмағы азая бастады. Керісінше түркі халықтарының үлесі басым түскендігін көреміз. Мысалы, 1979 жылғы санақ материалында қазақтар 51 % жеткен болса (1970 жылы 47,1 %), өзбектер – 14,5 % (1970 жылы 13,7 %) құрады. Ал, орыстардың үлесі – 19,2 % құрап, 1970 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 % төмендеген. Дәл осындай азаю көрсеткіштері украиндар мен белорусьтерде де байқалды [Численность и состав населения СССР, 1984]. Дегенмен халық ішіндегі бұл өзгерістерге қарамастан облыс халқының жалпы саны өсу динамикасын тоқтатпады.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақсыз болуы облыс халқының миграциялық үрдістерде белсенділігін арттырды. Халықтың көпшілігі ел астанасы Алматы қаласына жұмыс істеу мақсатында қоныс аударды. Олардың көпшілігі тұрақты мекен жайын біржолата ауыстырғандар болып саналады. Сонымен қатар, Алматы қаласына оқуға келіп, жұмыс істеп қалып қойғандар да болды. Нәтижесінде оңтүстік өңір халқының Алматы қаласында топтасып орналасуына алып келді. Қоныс аударушылар Алматы қаласының әлеуметтік және мәдени үрдістерінде маңызды рөл ойнады. Мысалы, ежелден сауда-саттықпен айналысқан оңтүстік өлкенің тұрғындары нарықтың экономикаға көшу барысында Алматыдағы шағын және отбасылық кәсіпкерліктің негізін қалаушылардың біріне айналды. Жалпы, тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазіргі Түркістан облысы еліміздің көптеген облыстарының демографиясында донорлық қызмет атқарды. Соның ішінде, 1998 жылдан бастап ел ордасы Ақмолаға көшуінде «оңтүстіктердің» көші үлкен үрдіс болды. Бұл оңтүстік халқының солтүстікке қоныс аударуының негізгі кезеңі болды.

Жалпы, облыс халқының үздіксіз өсіп отыруы миграциялық үрдістердің бірнеше бағытын қалыптастырды. Оның алғашқысы оңтүстік-шығыс бағыты – Алматы қаласына негізделді. Екіншісі, Астана бағыты – Астана қаласымен байланысты болды. Үшіншісі, Солтүстік бағыт – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Петропавл, Павлодар облыстарына бағытталды. Төртінші бағыт – Түркістан қаласының облыс орталығы болып өзгеруі болды. Алғашқы үш бағыттағы миграциялық үрдіске тек облыс халқы ғана қатысқан болса, төртінші бағытқа жалпы Оңтүстік өңір (Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда облыстары) халықтары атсалысуда.

Облыс халқының миграциялық үрдістерінің трансформациясына ең алдымен әлеуметтік-экономикалық жағдай әсер етті. Бұл ретте Түркістан қаласының облыс орталығы болуы облыс халқының жергілікті мекендеріне қайта топтасуына және басқа да облыстардан халықтың қоныс аударуына негіз болып отыр. Бұған облыс орталығының жоспарлы түрде кеңейіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуы ықпал етуде.

Аталмыш бағыттардың синтезінде облыстың этнодемографиялық үрдістерінде де ерекшеліктер байқалды. Мысалы, 1999–2009 жж. халық санағы материалдарында халық санының өсуінде негізгі басымдықтар көзге түседі [Итоги переписи, 2009]. Оның ішінде миграциялық үрдістердің нәтижесінде славяндық этностардың азаюы ерекше байқалады. Оған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы облыс төңірегіндегі тау-кен және өндіріс орындарының тұралап қалуы негіз болды. Бұл облыстағы кейбір шағын қалалардың түбегейлі болашағы жоқ екенін көрсетті. Ал, бұл өндірістік қалалардың тұрғындарының көпшілігі орыстар, украиндар, белорусьтер, немістер және гректер болды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында көптеген этнос өкілдері тұрады. Оның ішінде 24 түркі халықтар өмір сүреді. Мысалы, 2019 жылы Түркістан облысында этнодемографиялық жағдайға қарайтын болсақ, облыс халқының жалпы саны 1,983,967 адамды құрады. Соның ішінде: қазақтар – 1,508,219; өзбектер – 336,645; орыстар – 35,523; әзербайжандар – 18,539; тәжіктер – 36,831; татарлар – 7892; түріктер – 16,438; украиндер – 904; немістер – 1296 адамды құрайды [Stat.gov.kz, 2019]. Ал, 2020 жылдың басындағы көрсеткіштерде облыс халқының саны – 2,016,037 адамды құрады. Оның ішінде: қазақтар – 1,531,716; өзбектер – 344,937; орыстар – 34,968; әзербайжандар – 18,707; тәжіктер – 37,640; татарлар – 7,817; түріктер – 16,638; украиндер – 785; немістер – 1,275 адамды құрады [Stat.gov.kz, 2020]. Берілген көрсеткіштерден байқағанымыздай 2020 жылдың басымен 2019 жылдағы өзгерістер этностар арасындағы ерекшеліктерді көрсетеді. Мысалы, қазақтар мен өзбектердің арасында айтарлықтай халық саны өскендігі байқалады. Ал, орыс, украин, неміс және т.б. халықтардың саны керісінше төмендеген. Түркі тілдес халықтардың ішінде әзербайжандар мен түріктердің санында да өзгерістер байқалады.

Түркістан облысындағы этнодемографиялық өзгерістер облыс аудандары көлемінде ерекшеліктерге ие. Мысалы, өзбектердің көп шоғырланған аймақтары Түркісан қаласы, Сайрам, Төле би, Мақтаарал ауданы, Кентау қаласында тығыз қоныстанған. Сол сияқты тәжіктер Жетісай, Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында тығыз орналасқан. Ал, түріктер мен әзірбайжандар Жетісай, Сайрам, Сарыағаш және Төле би аудандарында қоныс тепкен. Облысты аумағындағы Отырар және Созақ ауданының этнодемографиялық жағдайы қызықты көрініс береді. Мысалы, Отырар ауданында 54,038 халық тұрса, соның 53,861 қазақтар болып табылады. Дәл осындай жағдай Шардара ауданында да кездеседі. Аталмыш ауданның халық саны 78,832 адамнан тұрса, оның 76,135 қазақтар. Созақ ауданында да қазақтардың тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді.

Қорытындылай келе, Түркістан облысының халық саны XX ғасырдың басынан бері өсіп келгенімен, халықтың құрамы әртүрлі өзгерісте болды. Соның ішінде облыстағы әкімшілік және территориялық өзгерістер жергілікті халықтың көрсеткіштеріне әсер етпей қоймады. Соңғы статистикалық мәліметтердегі этнодемографиялық көрсеткіштер облыс территориясындағы түркі тілдес халықтардың санының өсіп келе жатқандығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, этностардың орналасуындағы ерекшеліктер әр этностың шаруашылық бейімін көрсетеді. Соған сәйкес этностардың орналасу жүйесі қалыптасып отыр. Алайда, Түркістан қаласындағы күрделі әлеуметтік өзгерістер келешекте жаңа этнодемографиялық өзгерістерді алып келетін болады.

Облыс орталығы - Түркістан қаласы өзінің мәдени-тарихи мұрасымен ерекше. Соңғы жылдары қала қарқынды дамуда. Өңірдің табиғи ресурстары, экономикалық және мәдени әлеуеті айтарлықтай. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларындағы жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 1,757 трлн теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артты.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға өсті. Тау-кен өндірісінде өсім 5,8%-ды, өңдеу өнеркәсібінде – 12,6%-ды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдері 4,5%-ға артты. Бөлшек тауар айналымы 9,6%-ға, көтерме сауда көлемі 50,8%-ға өсті.

Түркістан облысы мал шаруашылығы мен егістікті дамытуға қолайлы өңір. Еліміздегі ақ алтын мақта да жалғыз осы Түркістанда өседі. Осы күні өндірістің де саны артып келеді.

Облыс орталығында соңғы жылдары көптеген ғимараттар салынып жатыр. Олардың арасында халықаралық әуежай бар. Қаланың инфрақұрылымында өзгеріс көп, табиғи газ тарту басталып кеткен, кәріздендіру жүйесін ретке келтіру, көгалдандыру, көшелерді абаттандыру сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.

Түркістан облысының ең үлкен байлығы - адами капитал. Халық өте көп, тығыз орналасқан. Ол жерде бір гектар суармалы жердің өзі бір отбасын толық асырайды. Жерді үнемдеп, халыққа бекітіп бере отырып, халықтың алатын пайдасын көбейтуге мүмкіндік бар. Қазір Түркістан облысында 900 мыңға гектарға жуық егістік жер бар (110 мың га мақта, 46 мың га көкөніс, 230 мың га егістік).  Осыған байланысты ауыл шаруашылығы  - Түркістан облысының қазіргі тұрмыс көзі болып есептеледі. Сондай-ақ Созақ, Отырар, Бәйдібек аудандарында мал жайылымдары өте көп.  Жалпы, 4 миллион гектардан астам жайылымдық жер бар.

Соңғы дәстүр бойынша халық мал бордақылау кәсібіне көшкен. Әсіресе, Сайрам ауданының тұрғындары осыған бейімделген.

Түркістан облысында, оның ішінде облыс орталығында туризм қарқынды дамиды деп күтілуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен өңдеу саласы да қарқын алады. Облыста 2 млнға жуық халық бар.

Ал Түркістан – дайын туризм ордасы. Тіпті, «Жібек жолының» «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының бойында тұр. Қалыптасқан қатынас жүйесі бар. Сондықтан Түркістанның жеткілікті менеджмент жүйесі мен қолайлы инфрақұрылымын жасау керек. Экономика жақсарса, халықтың демографиялық өсімі артады, тұрмысы жақсарады. Демек, бұл қазақ қоғамы үшін – экономикалық, саяси, рухани үшжақты пайдасы бар шешім.

Түркістан қаласында өнеркәсіп саласы да дамып келеді. Аймақта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және азық-түлік өнеркәсібі кеңінен таралған. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары қала экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді. 2023 жылы Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 20%-ға өсіп, бұл жаңа өндіріс орындарын ашуға жағдай жасады.

Қаланың инфрақұрылымдық дамуы – экономиканың басты қозғаушы күші. Жаңа жолдардың салынуы, әуежай мен теміржол желілерінің кеңеюі Түркістанды елдегі маңызды көлік және логистика орталығына айналдырып келеді. Әсіресе, халықаралық қатынас үшін маңызды әуежайдың құрылысы мен "Түркістан – туристік хаб" жобасы қаланың экономикасын жаңа деңгейге көтеруде.

Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы жылдары үлкен жетістіктерге жетіп, жаңа деңгейге көтерілді. Туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымдық даму салаларындағы табыстар қаланың болашағына үлкен сенім ұялатады. Түркістан Қазақстанның экономикалық орталығы ретінде аймақтың ғана емес, елдің дамуына елеулі үлес қосатын айрықша қалаға айналуда.

2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңге қарастырылды. Ол көмекті алушылар саны шамамен – 5 млн адам. Сонымен бірге Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті. Бұл қолдаулар демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысының тұрғындарына да оң әсерін тигізеді. Өңірде мемлекеттік міндеттемелерді орындау, әлеуметтік қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласында тиісті шаралар қолға алынған. Әсіресе, жұмыспен қамтуға басымдық берілген. 

– 2024 жылы 216 мыңнан аса адамды түрлі әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 12,2 млрд теңге бөлінді, 46,7 мың баланы қосымша әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету жоспарланды. Оның ішінде былтыр 94,8 мың адамға, яғни, 15,8 мың отбасыға 6854,2 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 4,4%-ын құрады. АӘК алушылардың еңбекке қабілетті 19,3 мың адамы жұмыспен қамтылды. Биыл аз қамтылған отбасылардың 1-6 жастағы 29,7 мың баласына 1193,2 млн теңге бөлініп, қосымша әлеуметтік төлем тағайындалды. Өңірде жұмыс орындарын ашу,  тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде. Әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік қолдаулар тұрақты көрсетілуде,  – дейді Бейсенбай Тәжібаев. 

Жұмыспен қамту мәселелеріне тоқталсақ, 
2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында  125 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланды. Оның ішінде жобамен 40 %-ы тұрақты жұмыс орындары болады деп күтіліп отыр. «Еңбек» бағыты бойынша 2025 жылға 32 млрд теңге қарастырылған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды. 

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жалғасады. 2024 жылы 15,8 мың отбасыға (94,8 мың адам) 6 854,2 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2023 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 63 мың адамға немесе 60,1%-ға азайды, ал кедейлік деңгейі 3% төмендеді. 

2025 жылы 76,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 10,6 млрд теңге бөлінді. Аз қамтылған азаматтардың санын 2024 жылмен салыстырғанда 20 %-ға және кедейлік деңгейін  3,5 %-ға төмендету жоспарлануда. 

Түркістан облысында 99 800 мүгедектігі бар адам есепте тұр. Ол республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14%-ын құрайды. 2024 жылы облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін  барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 17,1 млрд теңге бөлінген. Қаралған қаржылар есебінен 67 мыңға жуық техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылды. Бұл мақсатта 2025 жылы 13 млрд теңге қаржы қарастыру жоспарланып, қажеттілікті толығымен орындау күтілуде.

Түркістан облысында 220 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Жыл сайын 8 мыңдай зейнеткер сауықтыру орындарында демалыспен қамтылады. 

 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.