Серіктестер

Астанада Қытай мен Орталық Азия жастарын біріктірген E-LIGHT 2026 форумы өтті

Жаңалықтар 10 маусым, 2026

Астанада Халықаралық өркениеттер диалогы күніне арналған E-LIGHT 2026 халықаралық жастар форум-фестивалі өтті. Іс-шараға 150-ге жуық делегат қатысты,— деп хабарлайды turkistan.today

Форум энергетика, технология, білім беру және жастар саясаты салаларындағы сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен жастар қауымдастықтарының өкілдерін бір алаңға жинады.
 
E-LIGHT 2026 фестивалін CNPC Central Asia Ltd. ұйымдастырып, CNPC Kazakhstan бірлесіп өткізді. Іс-шара Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің, Қытай сауда палатасының және Қазақ ұлттық хореография академиясының қатысуымен өтті.
 
Форумның басты мақсаты – Қытай мен Орталық Азия елдерінің жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, энергетика саласының болашағы, цифрлық технологиялар, кадр даярлау және тұрақты даму мәселелері бойынша ашық диалог алаңын қалыптастыру.
 
Фестиваль аясында «Энергетикалық Жібек жолының іздері» атты көрме ұйымдастырылып, Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері, инфрақұрылымдық жобалар мен заманауи технологиялық шешімдер таныстырылды. Қатысушылар панельдік пікірталастарға қатысып, халықаралық сарапшылардың баяндамаларын тыңдап, жастар бастамаларын талқылады.

CNPC Central Asia компаниясы бас директорының орынбасары Гао Биннің айтуынша, форум жастар арасындағы халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған.

«Жастар форумын өткізудегі негізгі мақсат - әртүрлі елдер мен өңірлердің жастары арасындағы ынтымақтастық пен өзара байланысты нығайту. Бұл алаң жастарға өзекті мәселелерді бірге талқылап, ортақ мүдделер мен қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Біз жастарды жігерлендіріп, олардың жан-жақты дамуына ықпал етуді көздейміз», - деді Гао Бин.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.