Түркістандық шахматшы ел чемпионы атанды

Түркістан 7 мамыр, 2025

Алматы қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам жас шахматшы қатысып, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалы мен Азия чемпионатына жолдама үшін бақ сынасты,- деп хабарлайды turkistan.today

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан тұрды және 60 минут+30 секундтық уақыт форматы бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылардың әрқайсысы шеберлігі мен ойлау жылдамдығын танытып, тартысты бәсекеде өз мүмкіндіктерін көрсетті. Аталған жарыста Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының намысын қорғаған шахматшы Әсия Асылхан жоғары деңгейде ойын көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды. Осылайша, ол 2025 жылғы 20 мамыр мен 2 шілде аралығында өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кету керек, Әсия Асылхан – Түркістан облысы тарихында шахмат спортынан спорт шебері атанған алғашқы жас спортшы.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.