Эльдар Қонаевтың айтуынша, 1956 жылы бұл бастаманы саясаткердің өзі көтеріп, арнайы құрылған топқа жетекшілік еткен. Кейін аталған топтың ұсынысы негізінде Қазақстан аумағының бір бөлігі басқа республикаға берілген.
Жұмабек Тәшеновтің Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты тарихи рөлін тереңірек зерттеу қажет. Сарапшы Эльдар Қонаев 1956 жылғы оқиғаларға назар аударды. Оның айтуынша, сол жылы Қазақстан жерінің бір бөлігі, соның ішінде Бостандық ауданы басқа республиканың құрамына өткен.
Қонаевтің пікірінше, Тәшеновті тек қазақ жерін қорғаған мемлекет қайраткері ретінде көрсету сол кезеңдегі тарихи оқиғалардың күрделілігін толық ашпайды. Сарапшының сөзінше, 1956 жылы Тәшенов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметін атқарып жүргенде, аумақтық құрылым мәселелерін зерттеген бастамашыл топқа жетекшілік еткен.
«Тәшенов және бүгінгі күні одан жасап алған бейне – мифтік қаһарман. 1956 жылы оның өзі Қазақстан аумағын аралап шыққан бастамашыл топты басқарды. Сол кезде Бостандық ауданының 500 мың шаршы шақырымдық шөлейт жері де қаралған. Дәл оның ұсынысымен бұл аумақ берілді.
1956 жылы ол Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасы болған кезде осындай шешім қабылданды. Жер берілді, содан бері әлі қайтарылған жоқ», – деді Эльдар Қонаев.
Сарапшының пайымдауынша, Тәшеновтің тарихи рөлін бағалау кезінде оның ел алдындағы еңбегімен қатар, сол кезеңдегі даулы шешімдерге қатысты деректер де ескерілуі керек.
Оның пікірінше, мемлекет қайраткерінің тарихи бейнесі біржақты көзқарасқа емес, архивтік құжаттар мен тарихи оқиғаларды жан-жақты зерттеуге негізделуге тиіс.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.