14 қыркүйекте Лисаков қаласында такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевқа Лисаков қаласындағы бір мекен-жайдан заттар салынған сөмкені алып, Рудныйға жеткізу қажет екенін айтқан әйелден өтініш түскен.
Әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен. Пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген. Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керектігін айтты. Серік Нағашыбаев мән-жайларды күдікті деп танып, полицияға хабарласқан. Зейнеткер қылмыскерлердің өзі шақырған такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған.
Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов қызында бәрі жақсы екенін айтып, зейнеткерге ақшаны қайтарып берді.
Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Зейнеткердің қызы Елена Кононюк полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғысын білдірді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.