"Титаникті" тамашалу үшін мұхит түбіне түскен туристер қаза тапты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 23 маусым, 2023

Алайда қайтыс болған туристердің денесі табылуы екіталай.

АҚШ-тың Жағалау күзеті "Титаникке" сүңгіген батискафтың барлық экипажы мерт болғанын хабарлады.

Төрт күн бойы ізделген "Титан" батискафы жарылып кеткені анықталды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz тілшісі BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

18 маусымда Атлант мұхитына батып кеткен Титаник лайнеріне сүңгу кезінде жоғалып кеткен "Титан" батискафының сынықтары табылды. 

Атлант мұхитынның түбіндегі төрт шақырым тереңдікте жатқан Титаникті көруге түскен туристерді АҚШ, Канада, Франция құтқарушылары төрт күн іздеді. Сүңгуір аппарытының ішіндегі апатты жағдайда жеткілікті болады-ау деген оттегі таусылмайынша адамдарды тауып алуға жанталасты.

Әуеден ұшақтар, суда кемелер, тереңдікті сүңгуір қайықты көмекке тартты. Жалпы алғанда, 30 мың шаршы шақырымдай аумақты сүзіп шыққан. Өкінішке қарай, бортта болған бес адам қаза тапқан.

АҚШ-тың Жағалау күзетінің хабарлауынша, канадалық Horizon Arctic кемесінен мұхитқа түсірілген Odysseus суасты аппараты батискафтың артқы бөлігін, сонымен қатар 3 800 метр тереңдікте жатқан "Титаник" кемесінің алдыңғы жағынан шамамен 500 метр жерден басқа да бөліктерін тапқан.

Қирандылар апатты жағдай болғанын көрсетеді. Бірақ, оған не себеп болғаны белгісіз.

"Бүгін қашықтан басқарылатын ROV аппараты Титаник жатқан жерден шамамен 488 метр қашықтықта шағын сүңгүр қайығының артқы бөлігін тапты. Бұдан қашық емес маңнан корпустың тағы бірнеше бөлігі шықты. Бұл  қысым камерасының күл талқаны шыққанын көрсетеді", - деді АҚШ Жағалау күзеті бірінші округінің командирі Джон Могер. 

Сарапшылар сүңгуір аппараты қаншама тонна қысымға шыдамай жарылып кетуі мүмкін деп болжайды".

Еске сала кетейік, жексенбіден бері құтқарушылар Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде жоғалып кеткен сүңгуір қайықты іздеп жатқан еді.

Бортында 5 адам (Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Пәкістан азаматтары) бар шағын "Титан" (Titan Sub) қайығы Солтүстік Атлантикадағы суға батқан "Титаник" кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке сүңгіп кеткен.

Сыйымдылығы бес адаммен шектелетін аппарат 96 сағатқа тереңге бойлай алады.

2.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.