Төтенше жағдай жариялау резервтегі қаржыны жымқырудың тәсіліне айналып барады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 13 қыркүйек, 2023

Төтенше жағдай үшін Үкімет резервінен бөлінетін қаржының есебі еш қисынға келмейді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Кешегі 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының таныстырылымында Асхат Аймағамбетов осылай Қаржы министрлігін сынның астына алды. Расында айтып келмейтін апатқа деп алдын-ала дайындалып қойған қаржы бір жылы аздау бөлінсе, келесі жылы одан екі есе көп қаржы қарастырылады екен. Бұл төтенше жағдай көбейеді деген сөз бе? Қаржы министрлігінің мамандары апатты болжап білетін болған ба?

Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишим ауылында тамыз айында қатты жел соғып үйлердің шатырын ұшырып әкеткен болатын. Осы жағдайға қатысты техногенді сипаттағы төтенше жағдай арада бір ай өткенде жарияланды. Әкімдік осылайша зақымданған нысандарды жөндеу үшін қаражатты жылдам алуға ниетті.  

"Бұл жеке меншік үйлер болғандықтан, оларды жөндеуге қаржы бөлу үшін үшін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жариялау қажет болды. Яғни, бұл соманы есептеу үшін келтірілген залалға баға беріп, жобалау-сметалық құжат әзірлеу керек. Содан кейін ғана тиісті қаржыны бөлуге бюджеттік өтінім бере аламыз", - дейді Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов

Аудан әкімімен тілдескеннен кейін мені төтенше жағдай жариялау резервтен тезірек қаржы алудың тәсілі ме, деген сұрақ мазалай бастады. Сондықтан Қаржы министрлігінен соңғы жылдары төтенше жағдай үшін резервтен қанша қаржы бөлінгені туралы ақпарат сұраттым. (1ГРА-ТЖ) 2021 жылы резервте 231 млрд теңге болса, оның 4 миллиардтан астамы Атбасардағы су тасқыны қаупі жоғары аймақтан тұрғындарды көшіру үшін екі көппәтерлі тұрғын үй салуға жұмсалған. Былтырға 581 млрд теңге қарастырылса, оның 21 миллиарды қаңтар оқиғасының салдарымен күреске жұмсалыпты. Ал биыл резервте 254 миллиард теңге бар. Абай облысындағы өрттен кейін 16 өңірдегі орманшыларға 639 миллион теңгеге киім алған.  

"Көптеген жағдайлар болып жатады. Тасқын сулар болады немесе шағын ғана төтенше жағдайлар қалыптасады. Бірақ та кеткен қаражаттарды есептеп отырсаңыздар, 3-4 есеге дейінгі артық ақшаларды жұмсап жіберген деген сияқты мәселелер қарастырылады. Мүмкін ол қандайда бір ресми сайтта, қаражатты тексеретін, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттарды реттейтін арнайы агенттіктер бар. Қаржы монииторинг агенттігі бар, экономикалық қылмысқа байланысты қадағалайтын органдар бар. Оларға есеп беруі мүмкін. Бірақ сол есептіліктің дұрыс-бұрыстығын да халықтың алдына шығарып, Парламент депутаттарының алдында есеп беретін болса, ол бюджет ашықтығын да білдірітен дүние. Бұл есеп берілмейі деген сөз емес, бірақ та оны халықтың алдына шығару керек", – дейді экономист Бауыржан Ысқақов

Резерв қаражатының оңды-солды шашылып жатқаны халық қалаулыларын да алаңдататын сыңайлы. Кеше ғана Үкімет үйінде 2024-26 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы депутаттарға таныстырылды. Соның ішінен Қаржы министрлігі резервке деп келесі жылға – 417 млрд, 2025те жыл – 344 млрд және 2026 жыл -702 млрд бөлгелі отыр екен. Яғни, сома бірде көтеріліп, бірде түсіп отырады. Министрлік қай жылы қанша төтенше жағдай болатынын болжап біле ме дерсіз.

"Неге бұл қаражатты алдын ала қарастыруға болмайды. Жоспарланған шығындарды есептеп, тиісті әкімшілерге беруге болмайтыны түсініксіз. Таблицаны қарайтын болсақ -417 келесі жолы, одан кейін 344-ке түседі. Одан кейін 2026 жылы 702-ге көтеріледі. Ешқандай логика жоқ. Төтенше жағдай көбейеді депсіздер, олар неге көбейеді, қалай есептеледі, логика жоқ", – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов.  

"2022 жылы бізде резервте 581 млрд болған. Осы 581 млрд-тың 406 миллиард теңгесі қолданылған. Енді 2023-ке келетін болсақ, ең алғашқыда бюджетті бекіткен кезде 2023 жылға резерв бізде 617 млрд болған. Сондықтан нақтылау кезінде өздеріңізге келген кезде, бұл сома 617-ден 254-ке түскен болатын. Бұл қаржыландыру көзін қарастырған кезде бізде Үкімет қандай да бір төтенше жағдай, айтып келмейтін апат бәрін қараймыз. Сондықтан өзіңіз айтып жатырсыз ғой. Қандай орын алды деп. Абай облысындағы өрт болды, Екібастұз, Риддер, ТЭЦ-те авариялар болды. Содан кейін бізде жаңадан облыстар қалыптасты ғой. Сол үш облыстың қалыптасуында, олардың әлеуетін жоғарылатуға байланысты шығындар болды. Осындай мәселелерге арналып отыр", – дейді ҚР Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы

Министрлік өкілі осындай әдіспен барынша өз тәжірибесіне сүйеніп, қалып қойған қаржының дұрыс бөлінуін қамтамасыз отырғандығын түсіндіргісі келді. Осы тұста экономист маман мен депутаттардың ойы бір жерден шыққанын байқаймыз. Резервтен алынған ақшаға жауапты мамандар ашық түрде есеп беруі тиіс.

640

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.