Түркістан облысы, Арыс қаласы, Владимир Комаров атындағы №8 мектептің 11-сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемдік университеттер назарын аударып отыр. Яғни, Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California State University секілді оқу орындары арнайы шақыртулар жіберіп, білім гранттарын ұсынған. Ал оның таңдауы Чикаго университетіне түскен. Себебі ондағы рейтинг әлемдік деңгейде жоғары бағаланады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Әлемдік жоғарғы оқу орындарының назарын аударуға Шапағаттың жазған түйіндемесі себеп болған. Онда, ол өзінің өмірі мен талабы туралы ерекше сипаттап, жазба қалдырыпты. Әлемнің 28 университетіне жазған хаттарынан 21 жауап келген. Барлығы жас түлекті оқуға шақырса, ал 7 жоғары оқу орны әлі жауап бермеген.
Оның айтуынша, «Алтын белгіге» де, «Үздік» аттестатқа да үміткер емес. Дегенмен бала күнінен ағылшын тілі пәнін жақсы оқыған. Тіпті 9-сыныпта жүргенде-ақ IELTS сынағын тапсырамын деген арманы болып, содан бастап тілдік қорын молайтып, қосымша білім алған.
Шапағат Сейілхан болашақта өзінің өмірін халықаралық қатынастар саласымен байланыстырғысы келеді. Яғни білім алып, елші болуды армандайды.
Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.