«Ұлдар мен қыздар бөлек жатады»: отандық танымал әншілер халал балабақша ашты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 26 маусым, 2023

Қазақ эстрадасындағы танымал жұптардың бірі Қуаныш пен Қарлығаш 300 шаршы метрлік үйлерін халал балабақшаға айналдырды. Бұл туралы «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

«Бұрынғы үйімізді бизнеске айналдырдық. Біреуге беріп кетпедім. Балабақша ашып, оған өзімнің әпкемді отырғызып қойдым. Аптасына бір рет өзім барып қадағалаймын. Барлығы да халал. Тамақтары да… Ұл балалар мен қыз балалар бөлек ұйықтайды. Барлығы да ондай сақталған. Балаларға адал жұмыс істесем, Алла маған өзі де береді. Өзім де алты баланың анасы болған соң, балалармен қарым-қатынас сақталған, шүкір. Қазір өркендеп, тағы да біреуін салып жатырмыз», — деді әнші Қарлығаш Мырзагелдиева. Бағдарлама барысында Қарлығаш жұбайына армандап жүрген қымбат көлігін сыйлағанын да айтқан болатын. Ал бұған дейін олар кіші ұлдарын қатерлі дерттен емдету үшін біраз уақыт Түркияда тұрып келді, деп хабарлайды Turkistan Today.

1.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.