Жаңа ереже 2024 жылы өз күшіне енеді.
Венецияда 2024 жылы туристер санын азайту үшін қалаға бір күнге келетін қонақтардан 5 еуро (5,35 доллар) кіру ақысын алуды бастау жоспарланып отыр, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып.
Кіру ақысы эксперимент негізінде келесі жылы 30 күн ішінде 14 жастан асқан барлық туристерден алынатын болады.
"Жаңа ереженің мақсаты — "Венецияда тұратындардың, оқитындардың немесе жұмыс істейтіндердің және қалаға келетіндердің құқықтары арасындағы жаңа тепе-теңдікті" табу", - деді Венецияның туризм жөніндегі кеңесшісі Симон Вентурини, бұл ақша табудың амалы емес екенін ескертіп.
Кіру ақысын жинау жоспарын енгізудің нақты күндері және оны іске асыру тәртібі келесі аптада Кеңес түпкілікті мақұлдағаннан кейін айтылады.
Төлем жоспары алғаш рет 2019 жылы талқыланды және коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылды.
Шамадан тыс туристер саны қала үшін үлкен проблемаға айналды. Туристер саны көбінесе 50 мыңға жуық адам тұратын қаланың тарихи орталығының тұрғындарынан едәуір асып түсетіні атап өтілген.
Шілде айында ЮНЕСКО сарапшылары Венеция мен Венеция лагунасын жаппай туризм мен климаттың өзгеруінің әсерінен жойылып кету қаупі төніп тұрған Дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне енгізуді ұсынды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.