Заманбек Нұрқаділовтың жесірі: "Кіммен жүрсе де, тек аман жүрсін"

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 13 сәуір, 2023


Заманбек Нұрқаділовтің жесірі Нұрбике Нұрқаділова марқұм күйеуінің екінші әйелі Мақпал Жүнісовамен ара қатынасы туралы айтты. Ол бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Ол кісі менен рұқсат сұрамады. Қайта мен оның алдынан өттім. "Ақыры кетеді екенсің екі ортада жүрме. Екі жақта жүрген болмайды" дедім. Судың екі жағасы болады. Қай жерді таңдайсың. Сонда кет. Алаңдама. Тек ауырма. Екі адамның арасына үшінші адам түскен соң өмір бұзылады. 

"Ол кісімен Зәкең барда да сөйлескен адамым емес, шәй ішкен адамым емес. Зәкең өмірден кеткеннен кейін де солай. Біз сөйлеспейміз, араласпаймыз. Өзі хабарласпады. Хабарласпай-ақ қойсын. Оның хабары маған керегі жоқ. Ол маған бөтен адам сияқты. Әңгімелесіп, шаруа шешкен адам емеспіз", - деді ол.

Одан бөлек Зәкең отбасын тастап, өзгеге кеткеніне өкінетінін айтыпты.
"Бір көкелерге айтыпты. "Қателік жасадым. Бекер кеттім" депті. Профессор көке еді, ол да марқұм болып кетті. Сол ата айтты, "үйден кеткеніне өкінеді екен" деп. Кейін үйіндегі видео кассеталарын қайтыс болғаннан кейін көргендер де айтты. Видеода марқұм менің атымды айтып, жылап отыр екен дейді.

"Қайыркен, Қайыркен, кешір мені. Қайтатын жолым жоқ" деп. "Қайыркен деген кім?" деп сұрады. Ол мені Қайыркен деп атайтын. Одан кейін маған кәдімгідей соққы болды. Намыстанып, көшеге шыға алмай қалдым. Кейін өзіме жақын апайлар далаға шығарды. Төркіндерім ренжіді. Әкім күйеуіңді жіберіп алдың" деп. Кедейшілігін мен көреді екенмін, әкім кезінде біреуге кетеді. Сондай аңқау адам екенмін.

Ол халықтың адамы. Өзгелер сияқты айқай шығармадым. Сатқындық десем болады. Бірақ мен оны кешірдім. Халықтың адамы болған соң, жеке бастың қамын ойламадым, халқым үшін кешірдім. Бір емес, он Мақпал алса да, аман жүрсін дедім,-деп еске алды Нұрбике Нұрқаділова.

1.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.